Қызылордада мал басы артып келеді
Қызылорда облысында мал басы артып келеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі жариялады.
Сыр өңірінде мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
«Облыс бойынша биылғы жылдың 1 наурызына 390,4 мың бас мүйізді ірі қара, 725,7 мың бас қой мен ешкі, 214,9 мың бас жылқы, 58,7 мың бас түйе және 124,2 мың бас құс тіркелген. Есепті кезеңде 6,1 мың тонна ет (тірі салмақта), 11,4 мың тонна сүт және 0,7 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,7 пайызға, сүт өндірісі 1 пайызға артты», - делінген ақпаратта.
kyzylorda-news.kz