Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 34 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға өтініш берген

34 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға өтініш берген

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ-де өткен брифингте ел бойынша өзін банкрот деп жариялаған азаматтардың санын айтты деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң қабылданған кейін 3 наурыздан бастап іске асырыла бастады. Осы уақытқа дейін азаматтардан - 34 081 арыз түсті. Ең көп арыз түскен Түркістан облысы өңірден 5400 арыз түсті, екінші орында Алматы облысы 4030 арыз түсті. Үшінші орында Алматы - 2877 азамат арызданған,  - деді Ержан Біржанов. 
Вице-министр арыз шағымдарды қарау үшін өз тарапымыздан скоринг жүйесін дайындап, іске асырғанын атап өтті.
“Қазіргі таңда осы арыздардың 94 %-ы электронды түрде eGov.kz. электрондық үкімет порталында іске асырылды. Ал "e-Salyq Azamat" мобильді қоcымшасы арқылы 6 % -ы іске асырылды. Қазір 100 %-ға дейін электронды форматта жүргізіліп жатыр”, - деді Ержан Біржанов. 
Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заң талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде салық органдары азаматтың мына талаптарға сәйкестігін тексереді:
- банк, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарызы 5,5 млн теңгеден аспауы керек (1600 АЕК);
- қарыздың өтелмегеніне 12 айдан асуы керек;
- ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүлік болмауы керек (автокөлік, пәтер, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.);
- банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыш бойынша реттеу рәсімінің жүргізілуі.
"Атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін бөлек тексеріс жүргізіледі. Тексеру мемлекеттік органдар, банктер мен кредиттік бюроның электрондық базаларымен есеп айырысу арқылы "Qoldau" жеке тұлғалардың банкроттығы ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жасалады", - деді вице-министр.
31 наурыз 2023 ж. 290 0