АРАЛ АУДАНЫНДА ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Қабылдау барысында Арал ауданаралық әділет басқармасының басшысы, мемлекеттік аға сот орындаушы және аудандағы жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен нотариустар қатысты.
Келген азаматтар тарапынан тегін адвокаттық көмек көрсету, төленбеген алиментті өндіру, борышкерден қарыз қайтару, кредит мәселесі және жер учаскесін тыйымнан босату туралы мәселелер қойылды.
Департамент басшысы Ирина Жұмабайқызы айтылған әрбір мәселеге жіті тоқталып, олардың заңдылығын түсіндіре отырып, жауап берді.