Республикалық трассалардың 15 учаскесіне шектеу қойылды
Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде. Күн күрт суып кеткен күннен бастап жолшылар шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.Дәл қазіргі сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.
Өткен тәулікте жолшылар қар құрсауынан 65 көлікті шығарды.










