Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүліктік дау медиациямен реттелді

Мүліктік дау медиациямен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы С. мен жауапкер Т. арасындағы мүліктік дау медиация тәртібімен аяқталды.
Талап қоюшы талабында, баласы (жауапкер) Т-ға тұрғын үйді сыйға беру келісім шартының күшін жойып, оны жарамсыз деп тануды сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілуі нәтижесінде, тараптардан медиативтік келісімді бекіту туралы өтініштер түскен.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер тұрғын үйді талап қоюшының атына рәсімдеп беруге міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдаған.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
18 сәуір 2023 ж. 154 0