Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүліктік дау медиациямен реттелді

Мүліктік дау медиациямен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж. мен жауапкер К. арасындағы мүліктік дау медиация тәртібімен аяқталды.
Талап қоюшы талабында, жауапкермен заңды некеде тұрған уақыттары тұрғын үй сатып алғандарын көрсетіп, тұрғын үйді ортақ меншік деп тануды сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілуі нәтижесінде, тараптардан медиативтік келісімді бекіту туралы өтініштер түскен.
Медиативтік келісімге сәйкес тараптар дауды өзара реттеуге келіскен.
Осыған орай, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы қабылданған.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2022 ж. 356 0