Ортақ мүлікті бөлу туралы дау медиациямен реттелді

Талап қоюшы талабында жауапкермен некеде тұрған уақыттары тұрғын үй сатып алғандарын көрсетіп, ортақ мүлікті теңдей бөлуді сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілуі нәтижесінде, тараптардан медиативтік келісімді бекіту туралы өтініштер түскен.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер тұрғын үйді баласының атына рәсімдеп беруге міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдаған.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданған.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі