Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 6 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке қарағанда, ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.
«Республиканың батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік батыста шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстік-батыста тұман түседі», деді синоптиктер.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2°С болады. Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде топырақ бетінде -1-3°С үсік жүреді.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында жел күшейіп, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +24+26°С.
Алматыда да көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +17+19°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.