Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп жетістігі – мұғалім қолында

Мектеп жетістігі – мұғалім қолында

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей ұжымымен кезектен тыс пед кеңес өткізді. Жиында мектеп директоры Ғани Қамбарұлы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады. – Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейі тарапынан 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндап өтуге рұқсат етіңіздер. Бүгінгі күні мектеп-лицейде 8 6 сынып комплектісінде 2232 оқушы және 5 мектеп алды даярлық тобында 105 оқушыоқып, тәрбиеленуде.

2022-2023 оқу жылында мектебімізде 252мұғалім жұмыс атқарса, оның 238-і жоғары білімді, 14-і арнаулы орта білімді мұғалімдер. Біліктілік санаттары бойынша педагог-зерттеуші – 52, педагог – сарапшы – 88 педагог-модаретор 62 және І санатты – 2, ІІ санаттысы – 4 педагог. Мектебіміз бойынша жоғарыжәне І санатты мұғалімдердің үлесі – 55,6% болса, педагогикалық корпусты жас мамандармен толықтыру көрсеткіші 6.3% (16) құрады. Сонымен бірге, жылдан жылға ұстаздар арасында магистрлер саны көбейіп, бүгінгі күні мектебімізде 17 магистрлер қызмет атқаруда. Талантты, дарынды шәкірттеріміздің қабілеттерін шыңдап, оны қолдануына мектебімізде барлық мүмкіндіктер жасалған. Мектебіміздің пәндік олимпиадалық командасы биылғы жылы қала көлемінде «Ең үздік команда» ретінде көш басында келеді. Оқушыларымыз қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда жетістіктерге жетті. Жыл көлемінде ұстаздарымыз да қалалық деңгейде өткізілген түрлі кәсіби конкурстарға қатысып, 7 мұғалім жүлдегерлер атанды. Мұғалімнің әлеуметтік мәртебесі мен беделін арттыру – білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі, – деді мектеп директоры.

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында мектеп педагогикалық кеңестің шешімімен 3 оқушы «Алтын белгіге», 8 оқушы «Үздік аттестатқа» ұсынылса, өткен жылы 88 оқушы бітіріп, 58-і ЖОО-ы менорта арнаулы оқу орындарында грант иегері атанған.

Сондай-ақ мектепте оқушының бос уақытында тиімді пайдалану және спортты дамыту мақсатында соңғы үлгідегі екі спорт алаңы пайдалануға берілген. Бүгінде Тасбөгеттік жеткіншектер алаңқайда доп теуіп, спортпен шұғылдануда.

Жиында Ерлан Теңізбайұлы мұғалімдер еңбек демалысына жаңа оқу жылындағы сағатынан хабардар болып кету керектігін де назардан тыс қалдырмады. Бөлім басшысына мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

syrboyi.kz
16 мамыр 2023 ж. 380 0