Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аллергиямен ауыратындар неге көбейді?

Аллергиямен ауыратындар неге көбейді?

Кейінгі кезде әлем бойынша аллергиямен ауыратындар саны артқан. Бұл – сыртқы әлем, адам ағзасы және олардың өзара күрделі әрекеттесуінде бірдеңе дұрыс емес екенінің белгісі.

Әлемде аллергиямен ауыратындардың саны артып келеді. 1997 жылы АҚШ-та балалардың шамамен 0,4%-ы жержаңғақ аллергиясынан зардап шексе, 2008 жылы бұл көрсеткіш 1,4% болған. Ұлыбританияда тамақ аллергиясына байланысты ауруханаға жатқандар саны (1998 жылдан 2018 жылға дейін) үш есе өсті.

Қазір аллергиядан туындаған астма ауруынан зардап шеккендер саны бойынша алдыңғы орында. Бұл жағдай, негізінен, дамушы елдерде байқалып отыр. Сонымен қатар альфа-гал синдромы сияқты ерекше аллергия түрімен ауыратындар саны да айтарлықтай өскен. Бұл жағдайда кене шағып алғаннан кейін адамда қызыл етке қатты аллергия пайда болады екен.

Бір теорияда түрлі жәндіктер мен жылан шаққаннан кейін организмнен канцерогендер мен токсиндерді жою үшін аллергиялық реакция өршитіні айтылады.

Біздің иммундық жүйеміздің жұмысы қазіргі қауіп-қатерлерге жауап барлық уақытта бермейді. Сонымен қатар диета мен өмір салтын өзгерту микробиоманы бұзады. Ал бұл балалардың тағамдық аллергендерге жақын болу ықтималдығын арттырады. Стресс те біздің аллергияға бейімділігімізге әсер етуі мүмкін.

Дәрігерлерге аллергия диагностикасының ең жақсы тәсілдерін анықтау оңай емес. Антигистаминдер 1940 жылдан бастап аллергияны емдеудің негізгі құралы болды. Қазір ғалымдар жаңа дәрі-дәрмектерді ойлап тауып жатыр. Мысалы, адамдарды ара шағуына қарсы иммунизациялауға арналған вакциналар.

Аллергиямен ауыратындар сырқатын жеңілдету үшін жаңа дәрі-дәрмектер ғана емес, сонымен қатар өмір салтын жақсартуы керек. Мысалы, альфа-гала синдромы климаттың өзгеруіне байланысты таралады: жер жылынып, кененің тіршілік ету ортасы кеңейген кезде. Тағы бір себеп – сапасыз тамақ өндірісі. Сонымен қатар тамақтану тәртібінің өзгеруі, өмір салты және қатты күйзеліс аллергияға әсер етуі мүмкін.

turkystan.kz

09 маусым 2023 ж. 299 0