Дау сотқа дейінгі тәртіппен реттелді
Арал аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер Б-дан баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы талабы сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.
Іс құжаттарынан белгілі болғандай, тараптар бір-бірінен бөлек тұрады, талап қоюшы баланы бағып-күтумен айналысатындықтан еш жерде жұмыс істемейді.
Судья әңгімелесу барысында тараптарға дауды татуластыру рәсімі бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшының пайдасына баласы үш жасқа толғанша ай сайын 14 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы болса, өзінің қойып отырған талабынан бас тартып, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот тараптардың тілегін ескере отырып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің заңға қайшы келмейтінін немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын назарға алып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот ұйғарымымен бекітілді.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі