Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалғыздық адам өмірін қысқарта ма?

Жалғыздық адам өмірін қысқарта ма?

Ғалымдар жалғызбасты адамдар ертерек көз жұмады деген қорытындыға келді. Бұл жағдайда өлім себебі әртүрлі болған, бірақ жалғыздық көп жағдайда корреляциялық фактор болып отыр. Тurkystan.kz бұл туралы Nature зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.

Зерттеу жұмысының нәтижесін Макин Ван және Яшуан Чжао бастаған Харбин медициналық университетінің ғалымдары ұсынды. Мета-анализде олар бүкіл әлемнен 2,2 миллионнан астам адам қатысқан 90 жұмысты зерттеген.

Ғалымдар қандай корреляция тапты?

Зерттеуге сәйкес, әлеуметтік оқшаулану және жалғыздық сезімі туралы хабарлаған адамдардың ішінде қатерлі ісіктен ерте қайтыс болатындар саны басым екені белгілі болды. Сонымен қатар әлеуметтік оқшаулану жүрек ауруынан қайтыс болу қаупін жоғарылататынын көрсетті.

Айта кететін нәрсе, зерттеуде белгілі бір шектеулер бар, өйткені жалғыздықты бағалау субъективті болған. Мұнымен қоса, зерттеу жұмыстарының көпшілігі табысы жоғары елдерде жүргізілген. Сондықтан бұл нәтиже байлығы төмен елдер үшін маңызды болмауы мүмкін.

Зерттеу жұмысы көптеген пікірге ие болып, басқа зерттеушілер арасында резонанс тудырды. Олар да оқшаулану мен жалғыздық өлімнің маңызды болжамды факторы екенін байқағанын айтты.
03 шілде 2023 ж. 485 0