Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзекті мәселе кеңес талқысында

Өзекті мәселе кеңес талқысында

Таяуда қала әкімдігі ғимаратында аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы, бұқаралық ақпарат құралының өкілі және аудан әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Сүлейменов Нұржан Қалдыбекұлы бейне байланыс арқылы қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Арал аудандық мәдениет және спорт бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің орындалу сапасы туралы» аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары Жаңабек Қуанышұлы баяндама жасады. Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Мұнан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Арал аудандық құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы 2022 жылы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы» Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайсар Әлібекұлы баяндап өтті.
–Бүгінде 2022 жылдан бастап 6 жоба жалғасын тауып келеді. Атап айтар болсақ, Көктем елді мекеніне су жүргізу құрылысы, Сапақ-Көктем бағытында магистралды су құбырын тарту, елді мекендерді су айдау станциясымен ішкі құрылғылары жүргізілуде, сонымен бірге қала бойынша №5 шағын ауданға электр желісі құрылысын жүргізу, құрылыс монтаждау жұмыстары толық аяқталып, қабылдау актілері жүргізіліп жатыр. Мұнан соң үшінші жоба Сексеуіл кентінде «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырын салу үшін биылғы жылғы қаражаты 700 миллион теңге Ұлттық қордан, облыстық бюджеттен 100 миллион теңге және республикалық бюджеттен 580 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жалғасын тауып келеді. Жылу беру маусымына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз,–деді Қайсар Әлібекұлы баяндама барысында.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Жоланов «Жұмысшы тобының жұмысы туралы» баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәдениет және спорт бөлімі және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсыныс хаттар жолданып, жауабы алдағы қоғамдық кеңес отырысында тыңдалатын болады.
«Толқын» ақпарат
11 шілде 2023 ж. 223 0