Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүктілік пен босануға байланысты құжатты қалай дайындауға болады

Жүктілік пен босануға байланысты құжатты қалай дайындауға болады

Жүктілікке және босануға  байланысты табысынан айырылу жөніндегі құжатты тапсыру үшін Қазақстан Республикасының кез келген Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе Электрондық Үкімет порталы арқылы жүгінуге болады. Мемлекеттік қызметтің бұл түрі тұрғылықты жеріне қарамайды қабылдана береді. Жүкті аналар үшін қолайлы жағдай. Құжатты тапсыру үшін жеке басының куәлігі немесе жеке куәлігі болмаған жағдайда eGov mobileқосымшасындағы электронды құжаттар батырмасынан жеке куәлігіңізді көрсетуге болады. Сонымен қатар өзіңізбен бірге еңбекке жарамсыздық қағазы (больничный лист) . Құжаттың қаралу мерзімі мемлекеттік органда 8 жұмыс күнді құрайды және де қосымша құжаттар қажет болған кезде 1 ай мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл жөнінде мемлекеттік орган қызметкерлері құжат тапсырушы тұлғаға хабардар етеді. Құжатыңыз дайын болған кезде ұялы телефоныңызға құжат дайын екендігі жөнінде хабарлама келіп түседі.

Ә.ЛЕКЕРОВ,
Бөлім басшысының орынбасары
11 шілде 2023 ж. 99 0