Елімізде жаңбыр жауып, күн суытады
Синоптиктердің болжамы бойынша, 20-22 шілдеде Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, күн суытуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді», делінген хабарламада.
Болжам бойынша, 21 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашын тоқтайды.