Жалған банкнот пайдаланған қызылордалық сотталды

Осыған орай, ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеу жұмыстарын аяқтап, іс материалын сотқа жолдаған болатын. Бүгінде 28 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 231-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 178-бабы 1-бөлігінің талабына сәйкес сотталушыдан мемлекет кірісіне сот-техникалық зерттеу сараптамасына жұмсалған процестік шығын өндірілетін болады. Оған қоса
ҚК-нің 98-2-бабының 4) тармағының талабына сәйкес сотталушы жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 69 000 теңге жәбірленушілерге өтемақы төлейді.
Енді айыпталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады.
Еске сала кетсек, қала тұрғыны номиналы 20000 теңгелік бірнеше банкноттарды сақтап, оны жанар-жағар май құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізіп отырған. Әрі қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған.
syrboyi.kz