Үздіктен күтер үміт көп

Үздік шәкірт биология пәні бойынша республикалық олимпиада жүлдегері, бірнеше мәрте облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпазы болған. Ол әке жолын қуып, өз болашағын медицина саласымен байланыстырғысы келеді. Нұрсұлтанның биология, химия пәніне қызығушылығын оятқан пән мұғалімі Гүлбану Абатова мен сынып жетекшісі Гүлмира Әлібекова.
Иә, балық жеп өскен баланың бекер болмайтынын әсте естіп қалушы едік. Бұл жолы сол сөздің растығына көз жеткіздік. «Талаптыға нұр жауар» деген қанатты қағида бар емес пе еді. «Болашақта өзім қалаған медицина мамандығына түсіп, ақ халатты абзал жан атанғым келеді» деген үздік шәкірттің биік белестерге жетсем деген талабы оң болсын дейміз. Талай мықтыны түлеткен бұл топырақтан әлі де үздіктер іріктелеріне үміт мол...
А. ҚАРАСАЙ