Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауынгер жаршысындай үшбу хаттар

Жауынгер жаршысындай үшбу хаттар

Екінші дүниежүзілік соғыс¬тың ажал шашқан отты дүмпу¬лерінің басылғанына да 80 жыл¬дай болып қалды. Жазылмастай көрінген жаралардың орны тыр¬тықтанып бітсе де, уақыт тезімен бірте-бірте көмескіленіп барады. Кешегі боздақтарын күтіп, көз жасы көлдей болған асыл ана¬ларымыз да жылай-жылай о дүн¬иеге сапар шекті. Ал жетім өскен балалар бүгінде ақсақалдық жас¬¬қа жетіп отыр. Дегенмен, сол гит¬лершіл Германиямен болған ала¬пат соғыстың ашылмаған па¬рақ¬тары әлі де көп сияқты. Қан май¬дандағы ерлігі айтылмай қал¬ған арыстарымыз қаншама. Сол жау¬жүрек батырларымызды халқы¬мыз білсе екен деп жүреті¬німіз де шындық.
Жақында газет редакциясына Гүлшат деген орта жастағы бір келіншек бас сұғып:
– Менің атам Жалмағамбет Қос¬бармақов Ұлы Отан соғысы¬на аттанып, қайтып оралмаған. Әжеміз Орынша жарын өмір бойы күтіп, келеді деп сеніп ол да бұл дүниеден өтті. Жұбайы Жалмағамбеттің әскерде жүріп жазған хаттарын ешкімге тигіз¬бей, бермей, қара сандығының түбіне сақтап қойған еді. Қазір сол хаттар менің қолымда. Атам Жалмағамбет туралы жазсаңыз, –деп өтініш айтты.
Ұлы Отан соғысы жүріп жат¬қан кезде жауынгерлер жазып, елге келген әрбір үшбұрышты хат – үлкен құндылық емес пе. Тарихи естелік деуге де болады. Қарындасымыздың айтқан сөзі¬не елең ете қалдық. Ұзатпай сегіз бірдей хат та қолымызға тиді.
Ұлы Отан соғысына қатыс¬қан¬дар туралы мәліметтерді ресейлік «Подвиг народа» сайты¬нан алуға болатынын білеміз. Дереу сұрау салып, іздей бастадық. Гүлшат қарындасымыз айт¬қан кіші сержант Жалмағамбет Қосбармақов хақындағы дерек¬тер шыға келді. Ол 1909 жылы Мергенсай ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Бастауыш білім алған. Кейін алғашқы ұжымшарлар құрыла бастағанда соған мү¬ше болып қабылданған. Көк теңізден балық аулап, еңбекке ара¬лас¬қан. Еті тірі, көкірек көзі аш¬ық жігіт ұзамай осындағы Жам¬был атындағы балық колхозы басқармасының төрағасы болып сайланады. Өмірлік жары Орын¬ша¬мен бас қосып, дүниеге қызы Әлипа мен ұлы Сейілхан келеді. Бейбіт тіршілік етіп жатқан кез¬еңде тұтқиылдан неміс фашис¬тері соғыс ашып, мамыражай өмірдің шырқы бұзылады.
Жалмағамбет 1941 жылы дер¬еу әскерге шақырылып, отбасы¬мен қоштасып кете барды. Әуелі сол кездегі Чкалов облысының Тоцк деген ауданда бірнеше ай әскери дайындықтан өтеді. Сөй¬тіп бұл қызмет ететін 357-атқыштар дивизиясы құрамын¬да¬ғы 1190-атқыштар полкінің са¬пында майданға кіреді. Балықшы ауылдың қарапайым қазағы жер-жаһанды дүр сілкіндірген қанды соғыстың бел ортасына барып бір-ақ түседі. Бірнеше ірі шай¬қастарға қатысып, ерілік көрсе¬те¬ді. 1943 жылы 16 қаңтарда гитлершілдермен болған шайқаста Жалмағамбет Қосбармақов ерлік¬пен қаза тауып, Калинин облысы, Великие-Луки қаласында жерлен¬ген. Батыр жауынгердің туған жер¬іне хабар-ошарсыз кеткені ту¬ралы қағаз келеді. Кейін жоғарғы басшылықтан ерлікпен қайтыс болғандығы туралы «қара қағаз» келеді.
Гүлшат қарындасымызбен әу¬ел¬гі әңгімеміз оның туған атасы Жалмағамбет Қосбармақов тура¬лы болған. Алайда әрі қарай әңгі¬ме өрбітіп, мәліметтер сұрай бас¬та¬ғанымызда Жалмағамбеттің бір¬ге туған бауырлары Байша мен Аймағамбеттің де Ұлы Отан соғы¬сына қатысып, қаһармандықпен қаза болған батырлар екенін біл¬дік. Жалпы Қосбармақ қарттың төрт баласы болған. Жаңағы айт¬қан үшеуі әскерге алынса, өкімет осы отбасының тағы бір азаматы Қазмағамбетке кәрі әке-шешесін бағу үшін жеңілдікпен қалдырған екен.
Міне, бір әулеттің басына түс¬кен осы соғыс ауыртпалықтары десек болады.
Байша Қосбармақов қатарда¬ғы қызыл әскер болған. Сол Мер¬генсай өңірінде 1914 жылы туған. Бастауыштық көлемінде білімі бар. «Жамбыл» колхозында бал¬ық¬шы боп еңбек еткен. Байша 1942 жылы майданға аттанып, атқыш ретінде қатысқан. Гвар¬дия¬лық жауынгер 3-Беларусь май-данының құрамында 1942 жылы соғысқа кіріседі. Сол жылы қазан айында Кибарты қаласы¬ның маңындағы шайқаста неміс траншеяларына шабуылды күш¬ейтіп, бір өзі бірнеше немістің көз¬ін жойып, төрт немісті тұтқынға алған. Осы көзсіз батырлығына лайықты «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Ол бір шайқаста аяғы мен иығынан жараланып, әскери госпитальда ұзақ емделеді. 1944 жылы 18 тамызда қайта қа¬тар¬ға қосылған. 1-Прибалтика май¬данының 43-армиясының 204-атқыштар дивизиясының 700-полкінің 1-ротасында майдан жолын Еуропаға қарай жалғасты¬ра¬ды. Сол жылы 175,5 биіктікті алуда немістердің бірнеше солда¬тын штыкпен жер жастандырып, дұшпандардың қайта шабуылын тойтарады. Осы ерлігі үшін «Қыз¬ыл жұлдыз» орденімен марапатта¬лады.
Байшаның жасаған тағы бір ер¬лігі 1945 жылы 4 мамырдың түн¬інде Кальберг ауданында әс¬кери көліктерді күзетіп тұрып, төрт немістің көзін жойған. Ұза¬май Шотланд елді мекені үшін шай¬қаста ерлікпен қаза тапқан. Осы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденіне ұсыныла¬ды. Батыр жерлесіміз Шығыс Прус¬сияның Кенигсберг округі¬нің Кальберг-Лип қаласының маңында жерленген.
Қосбармақовтардың үлкені Аймағамбет 1904 жылы туған. Білім ортадан төмен екен. Сауат¬ты, көзқарасы қалыптасқан жігіт ағасы партияға өтіп, Октябрь ауыл¬дық кеңесінің төрағасы бол¬ып сайланады. 1942 жылы май¬дан¬ға аттанған. Сержант Айма¬ғамбет Қосбармақов бөлімше командирі ретінде соғысқа қат¬ысқан. Қиян-кескі бірнеше шай¬қас¬тарға қатысып, 1943 жылы 16 сәуірде жау оғынан қаза тапқан. Батырдың денесі Харьков облы-сы, Салинск ауданының Мусорт-Байрак хуторында жерленген.
Теңіз жағасындағы Мергенсай балықшы ауылындағы бір жанұя¬ның, Қосбармақ қарт пен Жыға кейуананың арыстай үш азаматы¬ның екінші дүниежүзілік соғыста¬ғы майдандық жолдары, өшпес ерліктері осындай. Бір шүкірші¬лігі, үш батырдың артында ұрпақ¬тары қалған. Олар қазір батыр аталарына тағзым етіп, тіршілік түтінін түтетіп, бір қауым ел бол¬ып отыр.
Журналист ретінде бізді қыз¬ықтырған, алдында айтқаны¬мыз¬дай, ол – Жалмағамбеттің елге жаз¬ған үшбу хаттары еді. Бір бет параққа кәдімгі қара қаламмен бірінде қазіргі әліпбиімізбен, енді бірінде латын қарпімен жазған хаттары үшбұрыш болып бүкте¬ліп, сиямен сыртына мекенжайы жазылған. Хаттардың бірнешеуі Арал ауданының Мергенсай ауыл¬ына жіберілсе, бірнешеуі Арал қаласындағы Базарная площадь көшесі №136 үйге жолданған. Бір¬неше хат Алматы арқылы ай¬налып келген. Олай дейтін себебіміз, хаттың сыртында әскери цен¬зура тексеріп, тиісті мөрі басыл¬ған.
80 жылдан астам уақыт бұр¬ын жазылған хаттардың әрбір жаз¬ылған сөйлемі кейінгілер үшін үлкен тарихи мәлімет екені анық. Сол хаттардың бірнешеуінен үзін¬ділер беріп көрейік.
«Амандық хат!
Қазмағамбет, Орынша, Әміре және басқа да сұраған ағайын¬дарға сәлемімді хабар етемін. Аралдан үш күн жүріп, Тоцк деген шепке келіп, әскерлік жұмысқа кірістік. Ойнап (әскери дайын¬дық¬ты айтады) жатырмыз. Қас¬ымда Жақан мен Жанкүшік бар. Бөтен адамдарды айырып жіберді, бірақ олар да сол арада. Бөтен айтар сөз жоқ. Тездетіп ойнап жатырмыз. Ойынымыз зенитная артиллерия деген көрінеді.
Ал саулықтарыңызды айтып хат салыңдар. Хат саларда бөт¬ен жазбай, тек ауылдың аманды¬ғын, қандай жаңалықтар, біз кеткелі қанша адам кетті соны айтыңдар. Бұл жерден кеткенше хат алып тұрамыз, тез хат сал¬ыңдар. Адрес мынау: Чкаловская обл, Тоцкая-2. П/я-123107».
Бір қызығы, сүйген жары Жал¬мағамбеттің қай жерде әс¬кери дайындықтан өтіп жатқан¬ын білгеннен кейін жас келіншек Орынша жолға қамданып, қайнағасы Қазмағамбеттің ересек баласы Әмір екеуі қазіргі қазақ шекарасына жақын жердегі Тоцк қаласына кездесу үшін жолға шы-ғып кетеді. Соғыс уақытының барша қиындықтарын жеңе от¬ыр¬ып, ауылдан алып шыққан аз¬ды-көпті азық-түліктерін базар¬лық ретінде жеткізіп, үш күн жан¬дарында болып, көңілдерін бір¬леп қайтады. Бұл ерлі-зайыпты олардың ең соңғы кездесуі болған.
Тағы бір хатына көз салайық.
«Амандық Дәменжан... Саусың ба? Шалдар қуатты ма? Бала¬лар сау ма? Біз сапар етіп кетіп барамыз. Куйбышевтен Орын¬ша¬ға тағы хат салып отырмыз. Куйбышевтен үш қала әрі қарай өтіп кеттік. Екі вагондамыз. Қарап жатқасын сендерге хат жаза беремін. Онан басқа менде шаруашылық жоқ қой. Ауылдан Орынша мені іздеп шықпаса бол¬ар еді деп уайымдап барамын. Ал шырағым, сау бол. Жұмысыңды жақсылап атқар. Кемпір-шал¬дарды, балаларды жақсылап бағарсыңдар.
Біз көпшілік барып жатқан жұмысқа кетіп барамыз. Касы¬мыздағы бұрынғы жолдастар бар. Бұрынғы жатқан жерден шыққанымызға бүгін екі күн бол¬ды. Сұраған адамдарға сәлем ай¬тарсың. Хатымды және 5 сом ақша салып жібердім. Соны алды ма?Менің базарлығым. Орынша¬ға сәлем айт, меніңжолдасым ғой. Жалмағамбеттерің».
Хат сыртына «Проверено: Военной цензурой. Алма-Ата-23. Доставить» делінген екен.
Енді мына бір хатын аралдық солдат 1942 жылдың 8 қыркүйе¬гінде жазыпты.
«Амандық хабар. Әмірге және басқаларыңа амандық хабарды білдіремін. Инсар деген қаладан азанғы сағат тоғыз шамасында вагонмен кетіп барамыз. Барат¬қан жағымыз Мәскеуге қарай. Арбаға мінгенімізге бүгін төрт күн болғаны. Тағы да 5-6 күн жүреміз деп отыр. Бөтен айтар сөз жоқ.
Жеңгеме, апама ерекше сәлем айт. Орынша ауылда ма? Болма¬са мені іздеп шықты ма, білмей¬мін. Келемін деген хаты бар еді. Сау болсын. Жоламандарға сәлем айт. Әлияға, Құндызға, Қазма¬ғам¬бетке, Елжекеңе, Тұтекеңе, Назекеңе менен сәлем. Жалмағам¬беттерің».
Бұл хатта айтылғандай, Жал¬мағамбеттің әйелі Орынша тағы да майдангер жарын іздеп келем деп уәде берген болып тұр. Ал бұл уақытта бұларды әскери дайындықтан өткізіп болып майдан шебіне қарай алып кет¬кен.
Мынау тағы бір хаттан үзін¬ді.
«Амандық хат! Жалмағам¬беттеріңнен. Орынбор қаласы¬нан салып тұрмын. Жолдастар қасымда ауылдағы. Қайда бара¬тынымыз белгісіз. Шаруашы¬лық сондай. Жеңешем, Орынша уайымдамаңдар. Сау болсақ қайтамыз. Алдағы уақытта толық етіп хат жазамын. Аймағамбет не қылды? Байша¬дан хат бар ма? Қазмағам¬бетке айт. Адам мінгізісемін деп қалаға бара бермесін. Өзі де кетіп қалар. Соны айтыңдар».
Бұл хатында Жалмағамбет өзінің әскерге алынған жан бау-ырларының хал-жайын сұра¬са, сондай-ақ ауылда қарашаңы¬рақ¬¬та қалған бір бауыры Қазмағам¬беттің де мына жер-жаһанға өлім оғын себелеген сұрапыл соғ¬ыс¬қа алынып кетпеуіне қатты алаң біл¬діріп, өзі қолына қару алып, өмір мен өлімнің арасында жүрсе де оны уайымдап жүрге¬нін көр-сетеді.
Екінші дүниежүзілік соғыс¬тың қанды шайқастары қазақ жеріне жетпегенімен де, күллі адамзаттың қас жауы болған гитлершіл фашистік Герман¬ия¬мен соғысқа жүздеген мың қазақ жігіттері аттанып, қас дұшпан-ды кейін өзінің ордасы Берлинде тізе бүктірді. Рейхстагтың төбес¬іне жеңіс туын желбіретті. Сол жеңіске елеулі үлес қосқан, өз¬де¬рі сол қанды да кесапатты жолда соңғы демі біткенше қасарыса қарсы ұмытылып, ерлікпен қаза тау¬ып, асқан қаһармандықтары¬мен тар¬их¬та қалуға лайықты бір отба-сынан шыққан ағайынды жау¬¬ын¬герлер Жалмағамбет, Бай¬ша, Аймағамбет Қосбарма¬қов¬тар туралы біздің аз уақытта із¬деп тапқан аз¬ды-көпті білген мағлұматымыз осындай.
Кейінгі ұрпақ ел үшін жанын берген есіл ерлердің есімін еш¬қашан ұмытпай, мәңгі¬лік тағзым етеді. Және де Ұлы Отан соғы¬сында қаза тапқан жерлестеріміз туралы кезінде жарық көрген «Боздақ¬тар» кітабын¬да да біршама құнды мағлұмат¬тар жазыл¬ғанын енді біліп отыр¬мыз.
Бейбіт өмір сүріп жатқан елге баса-көктеп кіріп, қасиетті қара шаңырақтарды шайқалтқан, ас¬ыл аналар¬дың көз жасын көл қы¬лып жылатқан, ерін күткен ару¬ларды жылдар бойы сарыла тел¬мірт¬кен, қара сирақ бала¬лар¬ды көздерін жәутеңдеткен жой¬қын соғыс бұлты ашық аспаны¬мыз¬ды енді ешқашан торлама¬сын.
Е. КЕҢТОҒАЙ 
05 тамыз 2023 ж. 351 0