Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Күміс жас»: Жоба көпке пайдалы

«Күміс жас»: Жоба көпке пайдалы

2021 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын» әзірлеген еді.
Нәтижесінде «Күміс жас» жобасы іске қосылып, жобаға 50 жастан кез-келген жұмыссыз азаматтарбағдарлама аясында жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері пайда болды.
Расында да бүгінде зейнетке әлі шықпаған егде жастағы адамдардың жұмыс табуы қиын. Жұмыссыздардың көпшілігі – үйде бала күтімімен отырып қалғандар немесе түрлі себептермен еңбек ету мүмкіндігі болмағандар. Жоғарыда аталған жоба осындай жұмыссыз жүрген жандарға зейнетке шыққанға дейін еңбек етіп, нәпақа табуына үлкен көмек.
Айта кетейік, «Күміс жас» жобасы:50 жастан асқан жұмыссыз адамдар «Күміс жас» жобасына қатысушылары болып табылады.Ұзақтығы:36 айдан аспайды.Жалақы:ай сайынғы жалақысының субсидия мөлшері:
1)қатысудың бірінші 12 айында 70 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен (ағымдағы жылы 103 500 теңгені құрайды) аспайды.
2)қатысудың 13 айынан бастап 24 айына дейін 65 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
3)қатысудың 24 айынан бастап 36 айына дейін 60 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
Жобаға қатысу мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды зейнетке шыққанға дейін кемінде 12 айдан кем емес мерзімге тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті.
Жоба бойынша жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін «Арал ауданының Мансап орталығы»филиалына немесе www.enbek.kzмемлекеттік интернет-ресурсы арқылыбиржасына арқылы жүгінуге болады.
Ауданда жұмыспен қамту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Аталған бағдарламаларды мейлінше ел игілігіне жарату мақсатында тұрғындардың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне оң ықпал ететін «Күміс жас» жобасы ауданымызда да қолға алынып жатыр.
Соның айғағындай, өткен жылы 9 адам жұмыспен қамтылса, ағымдағы жылыжоба шеңберінде ауданда 42 адам жұмыс істеуде.
Бүгінгі күнге, жеке кәсіпкерде жұмыс жасап, 3 адам зейнетке шықты, -дейді сала қызметкері «Арал ауданы бойынша Мансап орталығы» филиалының азаматтарды әлеуметтік осал санаттарын уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі бөлімшесінің басшысы Еркін Талғатұлы.
Солардың бірі – Умбетова Кульмира:
–Жұмысты өз бетінше іздеп таба алмадым. Осылайша халықты жұмыспен қамту орталығына (қазіргі «Арал ауданы бойынша Мансап орталығы» филиалы) барып көмекке жүгіндім. Олар маған бағдарлама шарттарын сатылап түсіндірді. Осылайша, «Күміс жас» жобасы туралы естігенде қатты қуандым. Өте керемет жоба. Өзімнің барлық қатарласымды және зейнеталды жастағы адамдарды осы жоба арқылы жұмысқа орналасуға, мемлекет ұсынып жатқан қолдауды пайдалануға шақырамын. Аллаға шүкір, аталған мекеме арқылы жеке кәсіпкерлерде жұмыс істеп, бүгінде зейнетке шығып, бейнетімнің зейнетін көріп отырмын, – дейді К.Умбетова.
Елімізде әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында қабылданып жатқан бағдарламаларда көрсетілген міндеттерді орындап, жоспарларды жүзеге асыру – жергілікті биліктің міндеті. «Күміс жас» жобасы– адамның ең әлеуметтік белсенді кезеңі.
Бұл барға қанағат етіп, мәнді-мағыналы өмір сүруге барынша мүмкіндік берілген сәт. Осы мүмкіндікке қол жеткізу үшін мемлекет тарапынан жасалған «Күміс жас» жобасы зейнеталды жастағы адамдардың әлеуетін арттырады деген үміттеміз.
К. МАХСҰТ
15 тамыз 2023 ж. 274 0