Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Күн суытады»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Күн суытады»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

29 тамыз – 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай жарқылдап, қатты жел соғады, бұршақ та жаууы мүмкін.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендей береді.

Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде байқалады.

Түнде ауа температурасы +3-11 градусқа дейін, күндіз +10-18 градусқа төмендейді.

Тек Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тамыздың соңында ғана күн жылы болады.

1 қыркүйекке қарай температура түнде +10-15 градус, күндіз +20-25 градус болады.
29 тамыз 2023 ж. 145 0