Төреғали Төреәліні қандай жаза күтіп тұр?

«Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) мемлекеттік қызметкерді қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау (ҚК 378-бабы 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр», – делінген сот хабарламасында.
ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі бойынша билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау – 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған.
syrboyi.kzФото: baq.kz