Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ШӨМІШ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ ШӨМІШ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

Таяуда аудан әкімі Серік Сермағамбетов жұмыс сапарымен Аралқұм ауылдық округіне қарасты Шөміш елді мекенінде болды. Онда аудан басшысы №263 орта мектеп жанында ауыл тұрғындарымен кездесті. Басқосу барысында ауданда жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, динамикалық даму барысы айтылды.
«Жыл басынан бері аудандағы барлық салада өсім бар. Мәселен жыл көлемінде 7,7 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылып, өсім 2 есеге артты. Сондай-ақ «Индустриялық дамытудың тұжырымдамасы» аясында жалпы құны 3,6 млрд. теңге болатын 2 жоба іске қосылып, 268 азамат жұмыспен қамтылды. Осындай даму асыраушы сала ауылшаруашылығында да бар. Қабылданған «Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың Жол картасы» аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4,6 млрд. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,6 пайызға артты. Егін көлемі де артты. Мысалы өткен жылы 704 гектар жерге егін егілсе, биыл 1010 гектарға жетті. Сонымен қатар, 500 гектарға жуық күздік дақылдар мен мал азығы орналастырылатын болады,- деді Серік Сағитжанұлы.

Сондай-ақ, аудан басшысы ауылға кіреберіс автожол мәселесінің басты назарда екендігіне тоқталды. Ол үшін жоба құны 1,9 млрд. теңге құрайтын жоба-семталық құжаттамасы әзірленіп, салалық басқармаға бюджеттік өтінім жолданды. Келер жылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, құрлыс жұмыстары жүргізілетін болады. Ал елді мекендегі электр жарығы мәселесі бойынша кезектілік бойынша жаңғыртылатын алға тартты.
Мұнан соң, аудан басшысы №263 орта мектептің қысқы жылыту маусымына дайындық барысын бағамдап, қажетті сұйық отынмен жабдықтау бойынша тиісті тапсырма берді.
27 қыркүйек 2023 ж. 272 0