Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 28 қыркүйек, бейсенбіге арналған ауа райы

28 қыркүйек, бейсенбіге арналған ауа райы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 28 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста екпінді жел күтіледі, - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.


baq.kz
28 қыркүйек 2023 ж. 326 0