Азаматтық іс татуласу келісімін жасасумен аяқталды

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік заңнамасында даулар мен жанжалдарды альтернативті түрде шешу тәсілдері қарастырылған, солардың бірі татуласу келісімі болып табылады.
Сотпен тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары және олардың құқықтық салдары түсіндірілгеннен кейін, тараптар татуластыру рәсімдерінің осы тәсілін таңдап, сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынған. Оның шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 21-жасқа толғанғанға дейін ай сайын келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттенген.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
баспасөз қызметі