Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жауапкершілігі күшейтілді

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жауапкершілігі күшейтілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтардың жауапкершілігін қатаңдату туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, Ішкі істер министрлігі әкімшілік және қылмыстық кодекстерге бірқатар түзетулер әзірледі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 20 сәуірдегі №227-VII ҚРЗ Заңымен енгізілген түзетулер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енді
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің бірқатар нормаларын өзгертуді қарастыратын Заң жобасында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтар кодекстің 73-бабы (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер), 73-1-бабы 1-1 бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 73-2-бабы 1-1 бөлігі (ұрып-соғу) бойынша құқық бұзушылықтар оларды тіркеудің өтінім беру сипатынан анықтау сипатына көшірілді, яғни аталған фактілер орын алған жағдайда жәбірленушінің арызынсыз бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатын болады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының, 73-1-бабының 1-бөлігі, 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау үшін уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар, жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе арыздары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар негіз бола алады.
Сонымен қатар тараптарды татуластыру рәсімі күшейтілді, енді бұл сотта бір рет қана мүмкін болады. Құқық бұзушы ӘҚБтК нормаларына сәйкес сотқа келмеген жағдайда, ІІО судьясының ұйғарымы негізінде оның «әкеп жеткізу» жүзеге асырылады.
Арал ауданының полиция бөлімі Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы ретінде әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алып, жәбірленуші азаматшаларға ақпараттық, құқықтық және психологиялық көмек түрлерін көрсетеміз.
Егер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің зорлыққа ұшырағанына куә болсаңыз «102» жүйесіне қоңырау шалып, көмек алуларыңызға болады. Отбасындағы зорлық-зомбылық сіздің өміріңізге ғана емес, жақындарыңыздың да өміріне төніп тұрған қатер. Сондықтан зорлық-зомбылық фактісін жасырмаңыз және полицияға дереу хабарласыңыз.
Біз үшін әрбір отбасының берекелі тұрмыс кешкені маңызды. Өйткені Отан отбасынан басталады. Жанұядағы ахуал тұрақты болғанда ғана ел тыныш болады.
Гүлнар Есенжолова,
Арал ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры
08 қазан 2023 ж. 310 0