Жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілді

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде әскери қызметке шақырылу кезінде азамаматтарды медициналық куәландыру бойынша қызметтерді көрсетуші«Alexey Sultan – Akhmet» ЖШС-гі «Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен (қазіргі таңда Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық орталық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны)аталған қызметтерді бірлесіп орындау мақсатында келісім-шарт жасасып, нәтижесінде 43 570,0 мың теңгенің 21 915,7 мың теңгесі екі жарым айдан кейін бюджетке қайтарылып, 21 654,3 мың теңгесі бойынша әскери қызметке шақырылу кезінде азамаматтарды медициналық куәландыру бойынша қызметтері көрсетілмегендігі анықталды.