Шаһардың бас шыршасы қашан жағылады?

Осыған дейін алып шырша орталық алаңда жарқыраса, биыл Қызылорда қаласы әкімдігі ғимаратының алдына орналастырылады. Шыршаны жағу рәсімі 26 желтоқсанға жоспарланған. Сондай-ақ, шырша жағылған кейін қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады.
Айта кету керек, шыршаның биіктігі 22 метрді құрайды және жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендірілмек.
kyzylorda-news.kz
Фото: sputnik.kz