Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде қандай ауа райы күтіледі?

Бүгін елімізде қандай ауа райы күтіледі?

Синоптиктер 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«25 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар, жаңбыр), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Сурет: egemen.kz
25 желтоқсан 2023 ж. 180 0