Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шырша құрдым шаттанып

Шырша құрдым шаттанып

«Балаға өмірім – садаға» –деп жүрген ата-анама.
Барып айттым мен бүгін,
– Шырша құрсақ бола ма?

Бірі шырша әкелді,
Бірі ойыншық әперді.
Көңілімді бір сәтте,
Дәл осылай көтерді.

Безендірдім әсемдеп,
Көресіздер қашан кеп?
Жұлдыз тақтым әкемнің,
Мойнына мініп «өсем» деп.

Жиі қарап тамсанып,
Жүрміз әлі ән салып.
Ойламап ем шыршаны,
Жайнайды деп мұншалық.

Нұррухаят ЖЕКСЕМБАЙ,
№220 орта мектебінің оқушысы

30 желтоқсан 2023 ж. 468 0