Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Облыс әкімі Н. Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аудандағы ірі сауда орындары, супермаркеттер мен дүкен иелеріне қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Р. Жанаевпен және өзге де құзырлы орган басшыларымен бірге сауда үйлерін аралап, көпшілік жиналатын шаралар мен акцияларды өткізу үшін алдымен қауіпсіздікті сақтап, тиісті органдарды алдын ала хабардар ету қажеттігін түсіндірді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
29 қаңтар 2024 ж. 154 0