Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қара бетперде тағып, қайырымдылық жасап жүрген жігіт кім?

Қара бетперде тағып, қайырымдылық жасап жүрген жігіт кім?

Қара бетперде тағып алып, қайырымдылықпен айналысып жүрген жігіт туралы көпшілігіміз әлеуметтік желіден білеміз, ол көптеген отбасының үйлі болуына көмектесіп жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желі қолданушыларының дені жұмбақ қайырымды жанды Димаш Құдайберген деп ойлайды. Ал бүгін оның кім екенін Bugin.kz жазды. Онда әлдекім бетперде таққан жігіттің кім екенін мәлімдейді. Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

- Бетперде таққан адам 26 жастағы оралдық жігіт. Оны көбісі Димаш Құдайберген деп жорамалдап жүр. Бірақ ол - қарапайым адам. Оның бар мақсаты - адамдардың өмірін жақсарту. Ол мұқтаж жандарға көмектеседі. Алайда, өзінің жүзін де, есімін де жасырады. Халыққа көмекті атақ, даңқ үшін жасамайды. Ол қара бетперде, қара көзілдірік тағып алған, - дейді видео иесі.

Фото: egemen.kz
06 ақпан 2024 ж. 139 0