Ең бастысы – елдің амандығы

– Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Иә, сын сағатта сыналып жатқан ағайынға Алла жәрдемші болсын. Мұндайда бір қолдың саласында біріге білетін еліміз қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Біз де мұндай қайырымдылық шараларынан қалыс қалмауға тырысамыз. Ең бастысы елдің амандығы. Осы бағытта жан-жақты жұмыс істеп жатқан барша азаматтарға Алла разы болсын!
А.ТӨЛЕБАЕВ,
аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер