Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент төлемеген борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды

Алимент төлемеген борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды

Қазақстанда алимент өндіру ісі бойынша 292 мың атқару өндірісі орындалуда. Оның ішінде 12 мыңнан астам проблемалы борышкер бар. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтып берді.

Оның айтуынша, проблемалық борышкерлер сомасы 14,6 млрд теңге жетеді. Қазіргі таңда 7 882 алимент бойынша борышкерге Қазақстан аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылды.

«Барлық алимент төлемінің жалпы санының 97,1%-ын ер адамдар төлеуде, ал әйелдер 2,9%-ын құрайды. 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда алимент төлеу бойынша оң динамика байқалады. Кейінгі мәліметтер бойынша, проблемалық өндірістер саны 25 пайызға, ал борышкерлердің жалпы берешегі 31 пайызға азайған», - деді Т. Уәли министрлік ұйымдастырған брифингіде.

Рейдтік іс-шаралар аясында полициямен бірлескен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Мәселен, биылғы жылдың басынан бері республика бойынша 144 рейд жүргізіліп, 421 көлік арнайы тұраққа қойылды. Сол арқылы борышкерлерден 300 миллион теңгеге жуық қаражат өндірілді», - деді ресми өкіл.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: kaz.inform.kz
10 мамыр 2024 ж. 245 0