Қызылордада театрландырылған қойылым көрсетілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында» «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдар жасау және өткізу»қаралған.
Осы орайда, өңірлік Антикордың ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрында М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» атты қойылымы өтті.
Қойылымның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын және патриоттық сезімдерін дамыту.
Аталған қойылымда бүгінгі замандағы құндылықтың өзгеруі, адамдардың соншалықты мейірімсіздігі, тіпті адам тағдырын пара шешетінін, бай мен кедей өмірінің айырмасы көрсетілген.
Театрландырылған қойылымды тамашалауға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері және студенттер шақырылды.
Бұл туынды көрермендерді сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға тәрбиелеп, батыл, адал болуға шақырады.
Қойылым соңында Антикор еріктілері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығы туралы арнайы дайындалған жадынамалар таратты.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті