Жемқорлық – жегі құрт

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтамыз. «Парасаттылық – ізгіліктің іргетесы» десек, адалдықты ту еткен әрбір азамат мәдениеттіліктің үлгісін көрсете біліп, қоғамға толымды пайдасын тигізгісі келсе, сыбайластықтың алдын алып, рухани азық болар кітапты көп оқи отыра, адами қасиеттерін жоймай, жақсы мен жаманның, ар мен арсыздың ара жігін ажыратады деп білемін.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің нақты жолдарын білуіміз қажет.
М.Құтмамбетов,
Мергенсай ауылдық округінің әкімі