Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаз жайнатып, шаттандырды баланы

Жаз жайнатып, шаттандырды баланы

Жақсықылыш кентінде балалардың жазғы демалысын көңілді ұйымдастыру, бос уақытын тиімді пайдаланумен бірге адамгершілік және мәдени құндылықтарын арттыру, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында №19 орта мектебі жанынан ашылған «Балдаурен» күндізгі тынығу лагеріне 120 бала қамтылып, жұмыс жасалуда.
Жаз – балалар үшін алаңсыз таза ауада асыр салып ойнап, қыдыратын таңғажайып және қолайлы мезгіл. Дәл осы кезеңде олар көп уақыттарын таза ауада өткізгені жөн. Сондықтан демалушылар мен ата-аналарының ұсынысы бойынша бір күнді табиғат аясына өткізуге арнады. Әр күнді ерекше өткізуге ұмтылған лагерь жетекшілеріне ата-аналар ізгі тілектерін арнап, білім мен шығармашылықты ұштастырған күдерінің қызықты болғанын жеткізді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында лагерь тынығушыларымен «Біз жазда кітап оқимыз» челенджі ұйымдастырылып, жазғы демалыс кезінде мектеп кітапханасында, үйде, ата-анасымен бірге кітап оқуға шақырды.
Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екені түсіндірілді.
Жас ұрпақтың қызығушылықтарын арттыру үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасады. «Джунгли» ұйымдастырылып, квест ойыны жүргізілді. Лагерьдің аяқталуында балалар қимастықпен тарқасты.
А.АМАНОВ

15 маусым 2024 ж. 229 0