Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер киелі Түркістанға жол тартты

Ардагерлер киелі Түркістанға жол тартты

Арал ауданы әкімдігінің қолдауымен, ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бүгін ауданамыздағы 50 ардагер Түркістан шаһарына жолға шықты.
Саяхаттаушылар қатарында ауданға қарасты қала, кент, және ауылдық округтердегі еңбек ардагерлері мен түрлі салада қызмет еткен зейнеткерлер бар.
Ардагерлер рухани демалыс аясында «Қорқыт Ата» кешеніне аялдап, одан әрі «Қожа Ахмет Яссауи», «Арыстанбаб» кесенелерінде зиярат етеді. Сондай-ақ киелі Түркістан жеріндегі басқа да тарихи, көрнекті, киелі орындарды аралап, қызықты бағдарламалардың куәсі болмақ.
Аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов, аудандық мәслихат төрағасы Б. Төрахметов пен Арал қаласының әкімі Б. Ұзақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Әйімбетов ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қатысып, оларға сәт сапар мен жақсы демалыс тіледі.
"Толқын" ақпарат
24 маусым 2024 ж. 128 0