Қос колледж түлектеріне диплом табысталды

Колледж түлектерін құттықтауға директорлар және арнайы әлеуметтік серіктестіктер мен арнайы қонақтар қатысты. Олар жас түлектерді дипломмен және студенттік өмірдің қоғамдық жұмыстарында белсенді болған, үлгілі тәртібі мен оқуға құштарлығымен көзге түскен студенттерге арнайы алғыс хатпен марапаттап, маңызды сәттерімен құттықтап, биік белестерді бағындыратындықтарына сенімді екенін баса айтты.
Сонымен қатар балаға білім беруде ұстаздармен қатар тәрбие ісіне белсенді араласқан ата-аналар да назардан тыс қалмай, Алғыс хаттармен марапатталды. Сәйкесінше, ұл-қызына саналы тәрбие беріп, адамгершіліктің дәнін еккен белсенді студенттердің ата-аналары да ұжымға алғыстарын білдірді.
Жас мамандардың кәсіптік еңбек жолына сәт сапар тілейміз!
Г. САҚТАПОВА