Колледж түлектеріне диплом табысталды

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып, бітіруші түлектерді өмірлерінің жарқын белесімен және бүгінгі қуаныштарымен құттықтап, жас мамандарға жоғары оқу орнына түсулеріне тілектестігін білдіріп, білім ордасының үздіктеріне дипломдарды табыс етті.
Одан соң сөз алған колледж директоры Р. Айназаров түлектердің жаңа қадамына сәттілік тілей отырып, ата-аналар мен ұстаздар қауымына риясыз алғысын білдірді. Сонымен бірге, оқу жылында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, білім сайыстарында бақ сынаған студенттерді Алғыс хатпен марапаттады.
Жиын барысында 5 кәсіби мамандық, 6 біліктілік бойынша бітірген 127 жас түлек дипломдарын иеленді. Сондай-ақ, бірқатар ұстаздарға педагогикалық қызмет жолындағы жемісті еңбегі үшін облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты» табысталды. Салтанатты шарада түлектердің қуанышты сәтіне ортақтаса келген қонақтар сөз сөйлеп, жас мамандарға сәттілік тіледі. Кеш соңы бітірушілердің концерттік бағдарламасына жалғасты.
Жас маман, өмір жолдарыңыз ашық, еңбектеріңіз жемісті болсын!


