Түлектер жаңа өмірге қадам басты

"Барша түлектерді өмірлерінің жарқын белесі, бүгінгі ерекше қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін Сіздер үлкен өмір атты ұзын жолдың алғашқы баспалдағын аттап, алдағы биік сатыларына қадам басқалы тұрсыздар. Әрқайсыларыңыз ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматсыздар. Өздеріңізге артылар сенім мен үміт жоғары.
Сіздердің тәуелсіз еліміздің өсіп өркендеуіне үлес қосар, Арал өңірінің даңқын асқақтатар азамат болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Жаңа өмірге басқан қадамдарыңызға ақ жол, сәт сапар тілеймін!–деп ізгі лебізін білдіріп, түлектерге салтанатты түрде аттестат табыстады.
Одан соң, мектеп бітіруші түлектер сөз алып, ұстаздар мен ата-аналарға алғыс айтып, олардың артқан сенімдерін ақтауға тырысатындықтарын жеткізді. Көңілдерін шаттық пен қимастық сезімі кернеген бітіруші түлектердің қуанышты сәтіне куә болған ата-аналар қауымы атынан ардагер Кішкене Молбаев бата беріп, сәт сапар тіледі.
Салтанатты шара мектеп бітіруші түлектердің вальсімен жалғасты.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында аудан бойынша 972 оқушы мектеп бітірсе, 53 түлек «Алтын белгі», 57 оқушы мектепті– «Үздік аттестатпен» тәмамдауда. Ал тарихы терең №83 орта мектептің 50 түлегінің арасынан 5-еуі «Алтын белгі» иегері атанып отыр.




"Толқын" ақпарат