Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл тағдыры-ұлт тағдыры

Тіл тағдыры-ұлт тағдыры

Тіл-әрбір ұлттың баға жетпес байлығы.Ана сүтімен бойға дарыған ана тілімізді құрметтеу асыл қасиетіміз болып табылады. Рухани қазық, ел еркіндігімен ұлтты танытатын белгісі,қазақ халқының ең бірінші құндылығы тілі.“Тәрбиенің бастауы-тіл” демекші тіл- халық бірлігінің негізгі факторы деп шегелей айтуымызға болады.Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!
Тіліміздің мәртебесін көтеру басты парызымыз дегенмен қазіргі таңда тілге байланысты қозғалып жатқан мәселерді де шеше білуіміз қажет. Мәселені шешу өзіміздің өзгерісімізден басталады. Адам қай тілде сөйлесе сол елге қызмет етеді демекші, қазіргі таңда қоғамда осындай мәселелер әлі қарқындауда. Дәлірек айтсам, Қазақ мемлекетінде туып өсіп, өз тілін ұмытып, басқа елдің тілдерін құрметтеп, асыл қасиет санап жүріп сол елге барып қызмет жасап жатқан азамат пен азаматшаларымыз бар. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші қазір өз тілін біліп, өзге тілді құрметтеп жүрген азаматтарымызды басқа шет елдерден тауып жатырмыз.Не себепті ол мемлекеттің құндылығын байытып, сол халықтың азаматы болып жүр деген сұрақ әр қазақтың көкейінде жүр деп ойлаймын. Біздің қазақ халқының құндылығына тіліне тамсана қарап қызығатын талай мемлекеттер бар. Біз сол өзге мемлекеттерді қызықтыруды, рухани құндылығымызды одан әрі дамытуды,тілімізді, ұлттық мүддемізді алға қойып көрсету қажет деп ойлаймын.Себебі, ұлттық мүддемізді алға қою арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысында тілді байыта алады. Мысалы, американдық азаматты алып қарайтын болсақ.ПрофессорУиллиам Фиерманның өзінің жазбасында былай дейді: Ол мейрамханаға барса, қазақ тілінде жазылған мәзірді талап етеді. Ол егер болмай шықса, шетел азаматы даяшыны сөгіп, оның қазір Қазақстанда жүргенін есіне салады. Ол ұзақ уақыт бойы Өзбекстандағы тіл саясатын зерттеумен айналысқан, бірақ ғылыми жұмыс үшін Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жағдайы одан да қызығырақ екенін анықтаған.Ал, қазақ тілін қанша уақытта үйрендіңіз деген сұраққа былай деп жауап береді:
“— Біріншіден, мен қазақ тілін меңгеріп алдым деп айтпас едім. Яғни, тілді үйрену- өте қиын. Мен сөйлесе аламын, оқи аламын, бірақ менің білімім шектеулі. Тіпті туған тілім болса да, ағылшын тілінде мен сол тілде сөйлесе алмайтын тақырыптар бар. Мен кей жағдайларда қазақ тілінде сөйлей аламын, бірақ айталық, мал базары сынды жерлерге апарып тастаса менің тілім жетпейтін еді. Мен қазақ классиктерінің шығармаларын оқи алмаймын, себебі олар мен білетін формадан өзгеше. Мысалы, мен газетті қазақ тілінде оқимын, Қазақстанда жүргенде қазақ тілінде сөйлеймін, тіпті кейбір қысқаша баяндамаларымды қазақ тілінде жасаймын.Менің ойымша, тілді білу құрметтің белгісі, бірақ қазақ тілінде сөйлету үшін қандай да бір түсіністік, тілді аса білмейтіндерге деген төзімділік болуы тиіс. Егер олар сөйлемейтін болса, ол өте зиян болады.”,-деп ағылшын профессоры өз ойын жеткізген.Мен бұл жазбадан не қорытынды шығарғым келді? Профессордың жазбасындағы “Қазақстанда жүргенде қазақ тілінде сөйлеймін” деген сөзді бастапқыға алсам, бұл сөйлемнің төркіні өте қызықты.Яғни айтқым келгені қазақ азаматтарының аузынан естімеген сөзді американдық профессордың аузынан шыққан сөзді есту мен үшін қызық. Бұл кісі әр мемлекетке барған сайын сол халықтың тілінде сөйлейді.Дегенмен, ең арда тұтатын мемлекеті-Қазақстан екен. Ал біздің халқымызды алып қарайтын болсақ, өзге мемлекет түгі өз мемлекетінде орысша сөйлеп, қазақ тілінде сөйлесе алмай, қарым-қатынасқа түсе алмай жүргендер бар. Мен осы профессордың сөзін бастапқыға алған себебім осы.
“Тілің болса, үнің бар, тілің болмаса, түгің жоқ”,- деп Қадыр Мырза Әлінің сөзімен қорытынды сөзімді жазғым келеді.Әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы дегенмен, өз тіліңді құрметтеу, рухани құндылығымызды дәріптеу байыту біздің парызымыз. Ана тілін білмей мәдениетімізді жетік меңгере алмаймыз сол үшін ана тілімізді құрметтеп, өзге мәдениетті емес, өз мәдениетімізді дарытайық!
Тлеуова Гүлдана,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 4-курс студенті.
Жетекшісі:Азбергенова Ляззат Жалгасбаевна.

Сурет: aimaq09.kz
11 қыркүйек 2024 ж. 289 0