2025 жылы қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі

“Келер жылы білім беруді дамытуға 1 триллион теңге бөлінеді. 2025 жылы білім беру саласына бөлінетін қаражат биылмен салыстырғанда 116 миллиард теңгеге көп”, – деді Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы.
Шығындардың өсуіне мыналар себеп:
ЖОО студенттерінің шәкіртақы көлемі орта есеппен 15-20% артады. Нәтижесінде бакалавриат студенттері үшін орташа шәкіртақы мөлшері 52 372 теңге болса, магистранттар 117 098 теңге стипендия алады.
"АМАНАТ" партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға жоспарланған гранттар санын арттыру. Нәтижесінде 78 мыңға жуық жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады.
ЖОО студенттеріне жеңілдікпен жол жүру ақысын арттыру. Бір студенттің жеңілдетілген жол жүру ақысы 15 728 теңге болады.
Ғылыми атақтары үшін қосымша төлемдердің белгіленуіне байланысты ғалымдардың еңбекақысын арттыру.
Сурет: ашық дереккөз