Көшпелілер ойындарының жабылу рәсімі көрермендерсіз өтеді
Бүгін Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Ұйымдастырушылар аталған іс-шараға көрермендер үшін билет сатылмайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін, 13 қыркүйек күні V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары мәресіне жетеді. Осы жылдың көктемінде бюджеттің қысқаруына байланысты дүбірлі доданың жабылу рәсімі хаттамалық форматта әрі көрермендерсіз өтеді. Алайда айтулы іс-шараны отандық телеарналардың тікелей эфирінен тамашалауға болады.
«Көшпелілер ойындардың жабылу салтанатына билет сатылып жатқаны туралы ақпарат тарап жүр. Кез келген жалған ақпарат алаяқтық болып саналады. Ел азаматтары мен шетелден келген қонақтарды абай болуға шақырамыз. Күмәнді ұсыныстарға алданып қалмаңыздар. Ойындардың жабылу рәсіміне тек спортшылар қатысады», дейді ұйымдастырушылар.
Сурет: ашық дереккөз