Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС: Аудандық кітапханада түсіндірме жұмыстары жүргізілді

АЭС: Аудандық кітапханада түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Аудандық штаб мүшелері аудандық кітапхана ұжымымен және партия мүшелерімен кездесіп, АЭС салудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  
Кездесу барысында үгіт-насихат тобы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, электр энергиясын өндіруде АЭС-ның рөлін айтты. Қазіргі таңда озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде өз жетістігін беруде.
“Біздің еліміз де дамыған елдер қатарына қосылғысы келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді”.
Қәзір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері қажет. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады.Қазіргі дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200- ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр.Ел өміріндегі әрбір қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс.Атом электр стансасы туралы реферундумға қатысты да дәл солай болуы керек.
Кездесуде аудандық кітапхана қызметкерлері мен партия мүшелері ел болашағы үшін қолға алынған бастаманы қолдайтынын жеткізді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
#ЗарядимКазахстан
18 қыркүйек 2024 ж. 117 0