Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу: Қылмыстық іске қатысты 13 адам анықталды

«Іс бойынша бүгінге дейін 13 адам анықталды, оның ішінде 11-і қамауда, ал екеуі үй қамақта. Оларға бірқатар бап бойынша қылмыстық істер қозғалды. 13 адамның арасында қызды мәжбүрлегендер де, ұйымдастырғандар да бар. Бұл іс бойынша басқа деректерді жариялай алмаймын, себебі оның мән-жайы тергеушілердің құзыретінде», – деп И.Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап берді.
Сондай-ақ, жәбірленуші қызға қатысты заңсыз әрекет жасағандардың барлығы тексерілуде. Бұған дейін тамыз айының соңында 8 күдікті қамалғаны белгілі болған.
Оқушы қыздың ата-анасы жағдайды қоғамдық қорға жүгінген. Нәтижесінде Қызылорда полициясы аталған дерек бойынша күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Кейін күдікке ілінген мектеп оқушылары үйқамаққа ауыстырылды.
Оқиғаға байланысты №7 мектеп-лицей директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологы, әлеуметтік педагогі, сынып жетекшілері жұмыстан босатылды.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: el.kz