Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот төрелігі қызметінің орны ерекше

Сот төрелігі қызметінің орны ерекше

Сот – ақ пен қара таразыланатын, ақиқат айтылатын, тура төрелік жасалатын орын. Сот төрелігі қызметін атқаруды ұйымдастыруда сот кеңсесінің алатын орны ерекше.
Сот ғимаратының тазалығы мен жылу жүйесі, заманауи материалдық-техникалық жабдықталуынан бастап судьяның қолайлы жұмыс атқаруын ұйымдастыру бірінші сатылы соттарда сот кеңсесіне жүктелген.
Сотқа жүгінуші азаматтар тек сотқа талап қоюды жолдау мен сот процестеріне қатысу процесін ғана көреді.  Алайда сот процесін ұйымдастырудағы кеңсе жұмысы, яғни арыз-шағым, материалдар сот өндірісіне түскеннен бастап, судья қарауына ұсынылғанға дейінгі жұмыстар көзге көрінбей жатады.
Бүгінде аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері сот әкімшісі болып өзгерді. Соған сай, сот әкімшісіне жүктелген міндет пен жауапкершілік бұрыңғыдан да арта түсті.
Кіріс және шығыс хат-хабарларының үлкен айналымында хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, есепке алу, жөнелту, сондай-ақ сот ісінің қозғалысы, оның рәсімделуі, статистикасы, сот мұрағатын қалыптастыру, жоғарғы сот органдарынан келіп түсетін бақылау тапсырмалардың уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету секілді уақыт пен қатар біліктілікті және ұқыптылық пен өз ісіне деген жауапкершілікті талап ететін жұмысты ұйымдастырып атқару да осы сот әкімшісі мамандарының еншісіндегі қызмет.
Сала мамандары судьялардың қызметін қамтамасыз етуде де маңызды рөль атқарады. Сот отырысын уақытылы дұрыс ұйымдастыру, іске қатысушылардың сот отырысына уақытылы келуін қамтамасыз ету, сот отырысының хаттамасын жүргізу, сотпен қабылданған сот актілерін мерзімдерінде орындауға жолдау, аяқталған сот істерінің уақытылы кеңсеге өтуін қамтамасыз ету сот отырысы хатшыларының тікелей міндеті болып табылады.
Соңғы жылдары сот саласында сот қызметін оңтайландыру,  азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыру бағытында көптеген жұмыстар жүзеге асты. Жаңа заманауи ақпараттық технологиялар енгізіліп,  сала қызметінің жұмысын едәуір жетілдірді. Ақпараттық технологиялар ең алдымен сот төрелігінің жеделдігі мен ашықтығын арттырды. Заман ағымына сай қолданысқа енгізілген «Сот кабинеті» бірыңғай сервисі, «Төрелік» ақпараттық жүйесі кез келген уақытта соттармен барынша ыңғайлы байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Бүгінде сала мамандары осы заманауи технологиялардың көмегімен құжаттарды қабылдау, талап-арыздар мен істерді автоматты түрде бөлу, сот талқылауы, шешімдер мен атқарушылық құжаттарды беру секілді сот қызметінің барлық бағыттарын жылдам әрі сапалы атқарып келеді.
З.Сермағамбетова,
Арал аудандық соты әкімшісінің басшысы
29 қыркүйек 2024 ж. 139 0