Өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы жүзеге асырылуда

«Департаменттің ұсынысы негізінде шартта көрсетілген артық талаптар жойылып, 1500-ден аса кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Суару сумен қамтамасыз ету саласына келетін болсақ, «Көкарал» бөгеті бойынша бүгінгі күнге дейінгі жұмыстарды қабылдау актілеріне сәйкес, жұмыстар нақты іс жүзінде атқарылмағандығы анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде мердігермен кемшіліктер жойылды және жетіспейтін құрылыс жабдықтары толықтай жеткізілді. Осылайша жоғарыда көрсетілген қаражат жымқырудың жолы кесілді», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Ахметқалиев.
Антикор өз қызметін басқа да мемлекеттік органдармен, қоғаммен және халықпен бірлесіп жалғастыратын болады.