72 жастағы зейнеткер «Күміс университет» студенті атанды
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Күміс университет» жобасы аясында елуден асқан тыңдаушылар тегін курстар бойынша білім алуда. Олардың қатарында 72 жастағы Сұлушаш Ташкенбаева да бар. Ол жоба аясында «Ерте жастан балаларды дамыту» курсын оқып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Ерте жастан балаларды дамыту» курсы 1 жастан бастап баланың моторлы, интеллектуалды және сезімтал сфераларының, оның сөйлеуі мен негізгі психикалық процестерін қарқынды дамытуды үйретеді. Оқытушы Жұпаркүл Бекназарқызы ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудағы қазақ шығармашылығының құралдарын пайдаланып, теориясы мен әдістерін оқытуда.
2021 жылдан бастап жүзеге аса бастаған «Күміс университет» жобасы жоғары буынға түрлі бағыт бойынша білім мен дағдыны меңгеруге мүмкіндік береді. Ғылым мен технология қарыштап дамыған кезеңде егде жастағы адамдардың білім деңгейін соған сай жетілдіруді көздейді. Қазақстанда аталмыш бағдарлама білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз білім беру және жұмыс тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда аталмыш жоба Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 13 түрлі мамандық бағыты бойынша жүргізілуде. Бір тыңдаушы бірнеше курстарға қатар жазыла алады. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін тыңдаушыға тиісті бағыт бойынша оқығаны туралы сертификат беріледі.

Бұл курстың немере, шөберелерді тәрбиелеуде біз үшін алатын орны ерекше болды. Көріп жүргендеріңіздей, қазір балалардың сөйлеуі кеш дамиды. Оны жетілдіруді халық тәрбиесімен ұштастырып, халықаралық дәрежеде, әлемдік тәжірибелер арқылы жаңа ақпараттарды, терминдерді, инновациялық технологияларды тиімді пайдалану жолдарымен таныстық. Англия, Италия, Париж, Жаңа Зеландия мемлекеттеріндегі білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерді интерактивті тақтаны пайдалану арқылы түсіндік, - дейді 72-дегі студент.Сұлушаш Ташкенбаева 1979 жылы Қазақ қыздар педагогикалық университетін бітіріп, зейнетке дейін мұғалім болған. Төрт перзенттен 14 немере, 2 шөбере сүйіп отырған әже.