Жалған купюра: Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде жалған 5 мыңдық купюралардың видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желі қолданушыларының айтуынша, жалған ақшаны түпнұсқадан ажырату қиын. осы жайтқа байланысты Қазақстанның Ұлттық банкі мәлімдеме жасады.
Желі қолданушыларының айтуынша, жалған ақшаны түпнұсқадан ажырату қиын. осы жайтқа байланысты Қазақстанның Ұлттық банкі мәлімдеме жасады.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұлттық валюта түпнұсқа банкноталарының сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазбалары бар баспа өнімдерін сатып алуды ұсынатын жарнамалардың таралу фактілері анықталғанын ескертеді. Аталған өнімдер жалған болып саналады, - делінген ақпаратта.Сонымен қатар Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Аталған жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі олардың таралу фактісін тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады. Осыған байланысты банкноталарды қолдану кезінде жазуларға ерекше назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеру ұсынылады, - қосты банк.Сондай-ақ Ұлттық банк түпнұсқа банкноталарда көзбен көріп тексеру және жанасу кезінде оңай анықталатын бірқатар қорғаныш белгі бар екенін еске салады. Бұл белгілермен Ұлттық банктің ресми сайтында және Ұлттық банктің Youtube каналында танысуға болады.