Тұрмыстық зорлық-зомбылық басты назарда
Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заңбұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Отбасындағы жанжалдың кесірінен болатын қылмыстардың жиілеп кетуіне де осы жағдай себеп. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің біріне – маскүнемдік, жұмыссыздық, соған байланыстытұрмыс жағдайының ауыртпалығы сияқты әлеуметтік жағдайлар жатады. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар. Ал, біздің мемлекетіміз үшін әйел-ананы қорғау ерекше мәселе. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта қоғамның қарыштап дамуына қарамастан, әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер тыйылар емес.
Тұрмыстықзорлық-зомбылық – әкімшілік құқық бұзушылық немесе отбасылық мәселее мес, кез-келген басқа зорлық сияқты қылмысқа жатады. Әйелдер күш көрсетіп жатса да төзімділік танытады, жұрт алдындағы абыройын ойлап, күйеулеріне қарсы берген арыздарын да қайтып алып жатады. Біз отбасында зәбір көрген әр әйелге тығырықтан шығудың жолы барын, қоғамның көзқарасынан қорықпай, заң шеңберінде мәселесін шешуге талпыну керектігінт үсіндіреміз. Үнемі жұдырық жұмсайтын күйеуіне аяушылық танытып, арызын кейін қайтарып алатын әйелдер өз өмірлерін, денсаулықтарын ойлауға шамасы келе бермейді. Ондай әйелдер көбінесе психологиялық және материалдық тұрғыда күйеулеріне тәуелді болып келеді. Тек күйеуінен ған аемес, жігіт болған баласынан зәбір жейтін аналар да бар.
«Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» деп үй ішіндегі дау-жанжалға араласудың орынсыз екендігін білдіріп, қай халық та отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтуды жөн санамаған. Зорлыққа төзімсіздік отбасында, баланың кішкентай кезінен бастап тәрбиеленуі керек. «Анасын көріп, қызын ал» дейміз. Өмір бойы таяқтан көз ашпай, үреймен күн кешсе де, «балаларым әкесіз өспесін» деген жалған намысты ұстанған ананың қызы зорлыққа қарсы тұра ала ма? Әкесі шешесін ұрып-соғатынын көріп өскен ұл өзі үйленгенде күйеу болудың жөні осы деп, жұдырығын ала жүгіруге бейім болатыны да рас. Осындай ұзақ төзудің соңы әйелдің денсаулығына зиянын тигізіп жатады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесінде ең маңыздысы– құқық бұзушыны жазалау емес, отбасын қолдау және сақтау. Жазалау шараларынан гөрі алдын алу шараларын қарастыру, құпиялылық, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жек ежұмыс жүргізу сияқты принциптері басшылыққа алынады. Зорлық-зомбылық құрбандары саналатын әйелдердің проблемасы – барлық елдер заң шеңберінде тыйым салуға талпынып жатқан үлкен мәселе, әрі жиі қайталанатын қылмыстар санатына жатады. Көбіне тұрмыстық зорлық көрген әйелдер арнайы органдарға барып шағымданбайды. Әсіресе қазақ отбасындағы әйелдер зорлық-зомбылыққа төзіп жүре береді. Кейбір әйелдер, дәл сол мезетте ашуын біреуге жеткізіп алса, одан кейін кешіріммен қарап, әрі қарай өмір сүре береді. Дегенмен, оны түсінетін ер адамдар қазіргі таңда сиреп барады. Сондықтан, оларды арнайы заңмен жауапқа тарту керек деп есептеймін.
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын. Қабылданған заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқығы сақталып, тұрмыстағы қысымды болдырмауға көмек болатыны сөзсіз. Зорлық-зомбылық – жалпыға ортақ мәселе және бұл аналардың қасіреті, бұл – бүлінген тағдырлар. Келешекте өзі құрған шаңырақты шайқалтпасын десек, қыз баланың тәрбиесімен бірге, ұл баланың тәрбиесіне ерте жастан көңіл бөлу қажет. Әр жеткіншек қыз бала мен ананы сыйлауды, әйел затын қадірлеуді бала күнінен бойына сіңіріп өссе, отбасында зорлық-зомбылыққа орын болмас еді.
. Әйелдер мен балалар отбасының ең әлсіз мүшелері болғанымен, олар жанұяның негізгіқ ұраушылары. Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамныңалдындатұрғанқатер. Қоршаған ортада болып жатқан мән-жайларға бей-жай қарамай құқық бұзушылықпен, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу әрбір азаматтың өз ар-ұяты алдындағы борышы.
Г.Смағұлова,Жақсықылыш кенті әкімі аппаратының жетекші маманы
Сурет: kaz.zakon.kz